Ерекше балалар мен олардың ата-аналарын қолдау маңызды – Динара Наумова

30 Қазан 2026, 12:27
АВТОР
 Кейіпкердің жеке мұрағатынан 30 Қазан 2026, 12:27
30 Қазан 2026, 12:27
154
Фото: Кейіпкердің жеке мұрағатынан

Құрылтай депутаты Динара Наумова Президент Жолдауындағы ерекше балаларды оңалту және олардың отбасыларына қолдау көрсету мәселелеріне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Депутаттың айтуынша, Жолдауда түрлі салаға қатысты маңызды мәселелер қамтылған. Соның ішінде ол жастарға қолдау көрсету мен инклюзивті ортаны дамыту бағыттарына ерекше назар аударған.

Жолдау мазмұнды болды деп ойлаймын. Жастар мәселесі мен инклюзивті ортаға айрықша көңіл бөлетін адам ретінде мені осы бағыттағы бастамалар қуантты. Атап айтқанда, балаларға арналған оңалту орталықтарын салу жоспарланғаны маңызды. Өзім де ерекше балаларға көмек көрсететін әлеуметтік кәсіпкермін. Сондықтан бұл тақырып маған өте жақын,– деді Динара Наумова.

Ол ерекше балаларды оңалтумен қатар, оларды тәрбиелеп отырған ата-аналарды қолдаудың да маңызын атап өтті. Депутаттың пікірінше, бұл бағыттағы жұмыс Үкімет, Құрылтай және өзге де мүдделі органдардың бірлескен қатысуымен жалғасуға тиіс.

Ерекше балаларға көрсетілетін көмекті арттыру, оларды оңалту және ата-аналарына қолдау көрсету мәселелері мен үшін өте маңызды. Президенттің осы жайттарға арнайы тоқталғанын атап өтер едім. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасады деп ойлаймын,– деді ол.

Наверх