Ердоған түркі елдерінің әліпбиін жасауды ұсынды

3 Қараша 2023, 13:29
918
Бөлісу:
Ердоған түркі елдерінің әліпбиін жасауды ұсынды
Фото: Жалғасбек ТОҚТАМЫСОВ - архив

Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) мерейтойлық Х саммитінде Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған түркі мемлекеттерінің ортақ әліпбиін жасау жайлы айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Түркия президенті біздің бірлігіміз үшін тіл мәселесі өте маңызды екенін атап өтті.

Ортақ әлпбидің болуы өте маңызды. Президенттердің қолдауы да аса үлкен мәнге ие. Бұл жерде Жоғары білім кеңесіміз хатшылыққа арнайы ұсыныстар айтты. Олар жоғары бағаланады деген үміттеміз. Алдыңғы саммитте Солтүстік Кипр республикасына байланысты байқаушы болды. Осы тарихи шешіміне алғыс айтамыз. Осы тарихи шешімімен түркі әлемі мынаны көрсетті. Кипрлықтар оқшауланып қалса да, олар жалғыз емес екенін бүкіл әлемге көрсеттік. Біздің міндетіміз – бірлестікте жұмыс істеу. Кипрлық түріктер түркі елдерінің ажырамас бөлігі. Келесі саммитте Солтүстік Кипрдің Түрік республикасын байқаушы ретінде көреміз деген ойдамыз, - деді Режеп Тайып Ердоған саммитте.

Ол байқаушы ел – Түрікменстанды да мүше ретінде көргісі келетінін айтты.

Біздің негізгі ұрынымыз – әртүрлі салада түркі әлемін нығайту. Сын-қатерлерге неғұрлым төзімді және бейімделгіш еткіміз келеді. Түркі әлемін бірлік пен ынтымақтастыққа қарай бағыттауымыз керек. Түркия қазір өзінің 100 жылдығын мерекелеп жатыр. Осы түркі әлемінде біз бейбітшілікке қарай қадам басып жатырмыз. Түркі әлемінде өз жұмысымызды істеп, түркі замананың жүзеге асуы үшін қадам жасап жатырмыз, - деді Ердоған отырыста сөйлеген сөзінде.

Айта кетейік, бұған дейін Ердоған Түркі мемлекеттері өңірі қазір бейбітшілікке қарай бір қадам алға жылжығанын айтты. Ол Палестинадағы трагедияға қатысты пікір білдіріп, әділетсіздік болған жағдайда үнсіз қалмауымыз керек екенін атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы