Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Айдос Ербосынұлы (15-0, 10КО) кезекті жекпе-жегін жеңіліп көрмеген ресейлік Евгений Шведенкоға (15-0, 6КО) қарсы өткізуі мүмкін, деп жазады Prosports.kz.
Сенімді ақпарат көзінің хабарлауынша, қазіргі уақытта келіссөздер белсенді түрде жүргізіліп жатыр.
Сонымен қатар, жекпе-жек биыл көктемде АҚШ-та өткуі мүмкін екені де белгілі болды.
Егер тараптар келісімге келе алса, боксшылар IBF тұжырымы бойынша екінші орта салмақтағы чемпиондық атаққа міндетті үміткерді анықтайды. Айдос бұл жекпе-жекке Англияда дайындалады.
Айта кетейік, Ербосынұлы соңғы жекпе-жегін өткен жылдың желтоқсан айында өткізді. Онда отандасымыз ганалық Исса Самирді нокаутқа жіберген болатын. Ал Евгений Шведенко Санкт-Петербургте Артур Осиповті жеңді.