Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті

3 Ақпан 2022, 12:18
1061
Бөлісу:
Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы әкімі Е.Досаев Полиция департаментіне барып, құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесті. Қала басшысы полиция қызметкерлеріне террористік акциялар кезіндегі қызметтері үшін алғыс білдірді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Әкімге Жедел басқару орталығы, оның ішінде  бүкіл қала бойынша орнатылған 10 мыңнан астам бейнекамераға қосылған бейнебақылау жүйесі көрсетілді.

Ерболат Досаев полиция қызметкерлерімен кездесті

Кездесу соңында Е.Досаев полицейлерге жұмыстарына табыс тіледі, олардың қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін және қызметтеріне халықтың сенімін үнемі арттыру қажеттігін атап өтті.
 

Өзгелердің жаңалығы