Бүгін қала әкімі Ерболат Досаев пен Нидерланды Корольдігінің елшісі Андре Карстенспен кездесуде инновациялар мен жаңа технологиялар саласындағы әріптестікті талқылады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Тараптар Алматының даму бағдарламасының 7 бағытын іске асырудағы ықтимал әріптестікті талқылады. Қала Нидерландының қоғамдық көлік, экология, сонымен қатар, қалдықтарды басқару саласындағы тәжірибесін зерттеуге мүдделі.
Корольдік Еуропадағы ең экологиялық таза мемлекеттердің бірі. Кездесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.