Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

29 Мамыр 2022, 10:44
2249
Бөлісу:
Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында 28-29 мамыр аралығында Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің Құрметті қызметкері, Ерен еңбегі үшін медалінің иегері  Ербол Ісләмұлы Іргебайды еске алуға арналған дзюдодан III Халықаралық турнир өтті.

Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Оқушылар сарайында ғалым, ұлағатты ұстаз Ербол Ісләмұлын еске алуға арналған дзюдо күресінен және әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының жүлдесіне арналған халықаралық турнир жоғары дәрежеде өтті. Ербол ағамыздың өзі спортқа өте жақын адам болды. Бірінші турнир сол кісінің бастамасымен өткен еді. Осы турнир бүгін жалғасын тауып жатыр. Ол кісі көптеген спорт түрлерін ұнататын, Өзі қыста шаңғы тебетін, шахмат, шашки, дойбы сияқты ойындардың спорт шебері атанған. Спорт жанашыры, отандық командалардың жанкүйері еді, - дейді Оқушылар сарайының спорт бөлімінің жетекшісі Амангелді Мырзабаев.

Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Осымен үшінші рет өткізіліп отырған турнирдің деңгейі жылдан-жылға өсіп келеді. Қатысушы командалар саны да артқан.

Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Жарысқа алыс және жақын шет елден және республикамыздың әр өңірінен 300-ге жуық бала қатысты. Жарыстың мақсаты жасөспірімдер арасында дзюдо күресін насихаттау, жас жеткіншектердің спорттық шеберліктерін шыңдау, жас ұрпақты патриоттық сезімге тәрбиелеу, - дейді Амангелді Төлендіұлы.

Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті

Турнирге 2006-2010 жылғы ұлдар, 2009-2010 жылғы қыздар әр салмақ категориясында сайысқа түсті. Сайыс жекелей және командалық есепте де өткізілді. Турнирге Ресейден, Қырғызстаннан және еліміздің барлық облыстарынан жас спортшылар қатысты. Әр салмақтың жеңімпаздары мен номинация иелері кубоктармен, медальдармен марапатталып, жаттықтырушылар алғыс хаттарға ие болды.

Ербол Іргебайды еске алуға арналған халықаралық турнир өтті
Өзгелердің жаңалығы