Ералы Тоғжанов Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді

3 Қыркүйек 2022, 06:37
1225
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов Президент Жолдауын жүзеге асыру мәселелері бойынша жиын өткізді

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов жаңа қызметінде алғаш жиынын өткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына жолдауында айтылған тапсырмаларын жүзеге асыратын бірінші кезекте тұрған бірқатар шаралар талқыланып, оған мемлекеттік органдардың басшылары, Ақтөбе қаласының әкімі, сонымен қатар, облыс аудандарының әкімдері бейне байланыс арқылы, облыстық ардагерлер, аналар, жастар кеңесінің мүшелері қатысты.

Облыс әкімі Ералы Тоғжанов Президент жолдауы елдің әлеуметтік-экономикалық қайта құрылуының жаңа кезеңін айқындайтын тарихи құжат екенін айтты.

Бүгін біз, Мемлекет басшысының тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау жөніндегі іс-қимыл жоспарымызды егжей-тегжейлі талқылап алуымыз керек, - деді жиынды ашқан Ералы Тоғжанов.

Ел Президенті бастамашылық еткен тапсырмаларды жүзеге асырудың негізгі бағыттары туралы облыс әкімінің орынбасарлары баяндама жасады.

Жиын барысында облыс әкімі Президент тапсырмаларын жүзеге асыратын нақты міндеттер қойды. Ол ең алдымен өңірдің шикізатқа тәуелділігін төмендету, инновациялар енгізу, еңбек өнімділігі мен халықтың табысын арттыру бойынша үлкен жұмыстар жүргізілу керектігін атап өтті.

Қасым Жомарт Кемелұлы атап өткендей, мұнда жаңа тәсілдер қажет. Бұл үшін, біз облыстың әлеуметтік-экономикалық даму келешегін стратегиялық тұрғыдан айқындап алуға тиіспіз, – деді Ералы Тоғжанов

Өзгелердің жаңалығы