Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

8 Желтоқсан 2022, 16:23
719
Бөлісу:
Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісімен кездесті

Бүгін Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Канаданың Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Алан Уилфред Хэмсонды қабылдады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ресми кездесу барысында облыс басшысы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуы, инвестицияларды тартуға және тиімділігін арттыруға ықпал ететін қолайлы ортаның қалыптасуы туралы хабардар етті. 

Жер қойнауын пайдалану және шикізатты терең өңдеу, энергияны таза экологиялық әдіспен алу, көлік-логистикалық хаб құру бойынша жобаларды іске асыру, Ақтөбе облысы мен Канада арасында тікелей әуе рейстерін ашуға байланысты  мәселелер талқыланды. 

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар аталған салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара қызығушылық білдірді. Ақтөбе облысында инвестициялық қызметті жүзеге асыруға мүдделі бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен жаңа кездесу туралы алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Өзгелердің жаңалығы