«Ер азаматсыз ба?» деп сұрақ қойған қоғам белсендісін депутат сотқа берді

19 Мамыр 2021, 18:15
3294
Бөлісу:
«Ер азаматсыз ба?» деп сұрақ қойған қоғам белсендісін депутат сотқа берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы мәслихатының депутаты Нұрғазы Бұқарбай қоғам белсендісі Олжас Мамырды «Ер азаматсыз ба?» деп сұрақ қойғаны үшін сотқа берген. 

Жалпы «Ер азаматсыз ба?» - деп сұрақ қойғаны үшін қоғам белсендісі, жас азамат Олжас Мамырды халық қалаулысы сотқа беріпті. Ар-намысыма, қадір қасиетіме тиді деп жазыпты.

«Ер азаматсыз ба?» деп сұрақ қойған қоғам белсендісін депутат сотқа берді

Жалпы ер азаматсыз ба деп сұрау намысқа тию болып табылмайды, Нұрғазы Бұхарбай мырза! Халықтың сөзін сөйлеуге сайланып, әкімдіктің сөзін сөйлеп жүргеніңіз үшін намыстанбай, сізге сұрақ қойғанға намыстанып қалғансыз ба? Әлде біздің Шымкент қаласының депутаттарына қарай сұрақ қоюға болмайды ма? Арқаңыздан өсіп келе жатқан жастарды қолдап, жол көрсетудің орнына, сотқа сүйрелеп не үлгі көрсетіп отырсың?, - деп жазды ҚР Президенті жанындағы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек.

Өз кезегінде Олжас Мамыр Нұрғазы Бұхарбайды депутат ретінде көргісі де келмейтінін айтты. 

Себебі сырттан менің көзқарасым бойынша, қолыңыздан түк келмейтін адамсыз. Сізден кешірім сұрап, пост жазбаймын. Мен артық кеткен болсам, айыбымды өтеймін. Мен сізге зоопарктегі хайуан емеспін, өз ақылыммен жазған сөзіме жауап бере аламын, - дейді Олжас Мамыр.
Өзгелердің жаңалығы