Ер адамның мәйіті табылды

14 Сәуір 2025, 15:52
1447
Бөлісу:
Ер адамның мәйіті табылды
Фото: Арман Мухатов - архив

Астаналық тұрғын белгісіз ер адамның мәйітін тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана қалалық Полиция департаментіне 30 наурыз күні хабарлама түскен. Қазіргі уақытта мәйіттің кім екені анықталып жатыр.

"102" арнасына бір учаске маңында, ер адамның денесі жерде жатқаны туралы хабарлама келіп түсті. Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері белгісіз ер адамның мәйітін тапты. Қазіргі уақытта осы оқиғаға байланысты марқұмның жеке басын анықтау және оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде, - деді Астана қалалық Полиция департаменті.

Мәйіттің денесі Есіл ауданында табылған.

Өзгелердің жаңалығы