Ер адам жер сілкінісінен қаза тапқан 170 туысын жоқтайды

2 Сәуір 2025, 13:51
2063
Бөлісу:
Ер адам жер сілкінісінен қаза тапқан 170 туысын жоқтайды
Фото: BBC / Neha Sharma

Өткен жұма күні Мьянмадағы Сагаинг қаласында жойқын жер сілкінісі болды. Жер сілкінісі салдарынан 2700-ден астам адам қаза тапқан, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі BBC-ге сілтеме жасап.

Оқиға болған күні Мьянманың орталық бөлігіндегі бес мешітке жүздеген мұсылман жиналып, Рамазан айының соңғы жұма намазын оқуға асыққан болатын. Сол сәтте жер сілкінісі болып, үш мешіт қираған. Соның ішінде ең үлкені – Мьома мешіті үйіндіге айналып, ішіндегі барлық адам жермен жексен болған.

Мьянма мешітінің бұрынғы имамы Соэ Ней У ұялы телефонмен жер сілкінісінің әсерін Тайландтың шекаралық Мае Сот қаласында сезген. Көп ұзамай ол Сагаингте және Мандалайда, Мьянманың екінші үлкен қаласында, болып жатқан апаттың салдарынан 170-тен астам жақын туысы мен достарының қайтыс болғанын біліп, есін жия алмай, есеңгіреп қалған. 

Мен қаза тапқан адамдарды, олардың балаларын ойлаймын – кейбірі әлі кішкентай еді. Олардың көпшілігі жергілікті мұсылман қауымының көшбасшы тұлғалары болатын, – дейді ол.

Қазіргі таңда құтқарушылар іздестіру жұмыстарын жүргізіп, қиранды астынан денелерді шығаруда. Сол себепті қаза тапқан адамдар туралы көрсеткіш одан әрі артуы мүмкін.

Өзгелердің жаңалығы