Ер адам зейнеткердің үйіне кіріп, жарты млн теңгесін ұрлап кеткен

24 Тамыз 2022, 20:00
840
Бөлісу:
Ер адам зейнеткердің үйіне кіріп, жарты млн теңгесін ұрлап кеткен

Ер адам зейнеткердің үйіне кіріп, жарты млн теңгесін ұрлап кеткен, деп хабарлайды Polisia.kz.

Степногорск қаласының Полиция басқармасына 66 жастағы жергілікті тұрғын өтінішпен жүгінді, әйел адам 21 тамызда кешкі сағат 18.00-де жеке тұратын 87 жастағы анасының үйіне белгісіз ер адам алдау жолымен кіріп, 500 мың теңге сомасында ақша қаражатын ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Қарияның айғақтары бойынша қаскүнем өзін қызмет көрсететін компанияның қызметкері ретінде таныстырып, әжені оған 2 мың теңге көлемінде қарыз беруге көндірген. Ер адамға сенген зейнеткер күдіктінің көз алдында барлық жинағын алып шыққан, нәтижесінде қылмыскер қарияның ақшасын жұлып алып, қашып кеткен. 

Жедел-іздестіру шаралары барысында Степногорск полицейлері күдіктінің тұлғасын анықтады. Ол бұрын ұрлық үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылған, жақын маңдағы ауылдың 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Аталған факті бойынша полиция басқармасы ҚК 191-бабының 1-бөлігі (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Өзгелердің жаңалығы