Ер адам көшеде пышақпен шабуыл жасады: 5 адам жарақат алды

Оқиға орнында көптеген полиция қызметкері мен жедел жәрдем көліктері жиналған.

 pixabay.com 28 Наурыз 2025 2025, 12:32
28 Наурыз 2025 2025, 12:32
1710
Фото: pixabay.com

Амстердамның орталық алаңы маңында белгісіз ер адам көшедегі жүргіншілерге пышақпен шабуыл жасады, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі Deutsche Welle агенттігіне сілтеме жасап. 

Жергілікті полиция күдіктінің ұсталғанын хабарлады. Әзірге оның әрекетінің себептері белгісіз.

27 наурыз, бейсенбі күні Амстердамның Дам алаңы маңындағы көшелердің бірінде ер адам адамдарға шабуыл жасап, бес адам жарақат алды. Нидерланд астанасының полициясы күдіктінің ұсталғанын растады.

Фото: Inter Visual Studio/ANP/picture alliance

Жәбірленушілердің жағдайы туралы нақты ақпарат берілмеді, ал күдіктінің жеке басы мен оның әрекетінің себебі әлі белгісіз. dpa агенттігінің мәліметінше, куәгерлер шашы қысқа жас жігіттің көшедегі адамдарға пышақпен шабуыл жасағанын айтқан.

AFP тілшісі оқиға орнында көптеген полиция қызметкері мен жедел жәрдем көліктерінің жиналғанын хабарлады. Құрбандарға көмек көрсету үшін Король сарайының алдындағы алаңға құтқарушы тікұшақ қонған.

Амстердам полициясы жақын сағаттарда оқиға болған ауданға бармауды сұрады.

Наверх