АҚШ-тың Теннесси штатында сұмдық оқиға болды: Нашвиллдегі шіркеу ғимаратының жанында есінен танып қалған әйел зорлық құрбанына айналды, деп хабарлайды BAQ.KZ People басылымына сілтеме жасап.
Оқиға 14 тамыз күні кешкі сағат 21:30 шамасында тіркелген. Полиция дерегінше, шіркеу маңынан өтіп бара жатқан өрт сөндірушілер белгісіз ер адамның жерде жатқан әйелдің шалбарын шешуге тырысқанын байқап қалған. Олар бірден күдіктіні тоқтатып, полицияға тапсырған.
Бейнебақылау жазбаларында жәбірленушінің мас күйде тұрақсыз жүргені, кейін шіркеу баспалдақтарына отырып қалғаны көрінеді. Сол сәтте күдікті оның жанына отырып, қол тигізе бастаған. Әйел қарсылық көрсеткенімен, ол баспалдақтан көтеріп әкетіп, жерде зорлық жасаған.
Әйел Вандербильт Университетінің Медициналық орталығына жеткізілген, алайда көп ұзамай ауруханадан кетіп қалған. Оның жеке басы әзірге анықталмады, себебі құжаттары қасында болмаған.
39 жастағы Мохамед Мохамед есімді күдікті қамауға алынды. Ол полицияға түсініктеме беруден бас тартқан.