Үйіне балкон арқылы кірмек болған ер адам көпқабатты үйден құлап қаза болды

7 Қазан 2019, 20:03
1762
Бөлісу:
Үйіне балкон арқылы кірмек болған ер адам көпқабатты үйден құлап қаза болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы оқиға 7 қазан күні Екібастұздағы Королев көшесінің ауласында болды.

pavon.kz мәліметтеріне сүйенсек 52 жастағы ер адам көршінің балконы арқылы өз балконына өрмелеп шықпақ болған. Алайда биіктен құлап кетіп, қаза болды.  

Полиция бөлімінен хабарлағандай, қаза болған ер адамның әйелі жұмыстан кеш қайтатын болған. Ер адамда үйдің кілті болмағандықтан, ол әйелін күтпестен үйіне кірудің жолдарын қарастырған.

Денсаулық сақтау басқармасының деректеріне сүйенсек, құлап кеткен ер адам ауыр жарақаттар алып, жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше оқиға орнында көз жұмған.

Жазатайым оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.

 

Өзгелердің жаңалығы