Ер адам хал үстінде жатқан әйелге үйленді

10 Қыркүйек 2019, 09:55
2628
Бөлісу:
Ер адам хал үстінде жатқан әйелге үйленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тайваньдық жігіт сүйіктісінің ми қызметі тоқтағанын констатациялағаннан кейін үйленген. Бұл туралы AsiaOne хабарлады.

22 тамызда Ван есімді әйел жол апатына түсті. Оның мотоциклі рұқсат етілмеген бұрылыстан өтіп бара жатқан автокөлікпен соғысты. 3 күннен кейін дәрігерлер Ванның «миы өлгенін» айтты. Бұдан кейін ол жасанды тыныс алу аппараты арқылы өмір сүріп келді.

Әйел Линь есімді азаматқа тұрмысқа шығуды жоспарлап жүрген. Алайда, олардың қарым-қатынастары 11 жылға созылса да, Ванның ата-анасы қарсылық білдірген соң, олар некеге тұра алмаған. Линь қыздың әке-шешесінің батасын тек жол апатынан бірер күн бұрын ғана алған.

Тосыннан жасалған той аурухана палатасында өтті. Қайғы жұтқан туысқандарының көзінше күйеужігіт «фата» киген қалыңдыққа неке жүзігін тақты. Жас жұбайлар бірдей қызыл жейде киіп алды. Барлық рәсім өткеннен кейін әйелді жасанды тыныс алу аппаратынан ажыратты. 

Ванның 12 органы, оның ішінде жүрегі, бауыры, көздің мүйізгек қабығы, қантамырлары мен тері жабыны науқас адамдарға берілді.

«Бұндай қадамға басқа адамдарды құтқару үшін бардық. Осылайша, ол жер бетінде болып, балаларының қалай өсіп жатқанын көре алады», - деп түсіндірді қаза болған әйелдің анасы.

Өзгелердің жаңалығы