Ер адам ішінде ақша бар қымбат джипты ұрлап кеткен

20 Ақпан 2024, 19:47
4253
Бөлісу:
Ер адам ішінде ақша бар қымбат джипты ұрлап кеткен
Фото: Polisia.kz

Жамбыл облысының полицейлері өзгенің көлігін де, ақшасын да заңсыз иемденген күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері Жуалы ауданы шаруа қожалықтарының бірінің ауласында тұрған Toyota Land Cruiser Prado автокөлігін айдап әкетіп, ішінен 1 500 000 теңге ақшасын ұрлаған ер адамды ұстады.

Аталған дерекке қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында көлік құралы Тараз қаласынан табылды. 34 жастағы күдікті ақшаны алып, көлікті мөлтек аудандардың бірінің ауласына қалдырып кеткен. Ал қаражатты жеке басының қажеттілігі үшін жаратып үлгерген. Ол қазіргі таңда уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.

Өзгелердің жаңалығы