Ер адам электроника дүкенінен құлаққап пен iPhone-13 ұрлады

6 Мамыр 2022, 14:11
1932
Бөлісу:
Ер адам электроника дүкенінен құлаққап пен iPhone-13 ұрлады

 Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында гаджеттерді ұрлаған күдіктіні ұстады. 

Бұл жөнінде Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

 Полицияға Республика даңғылы бойында орналасқан электроника дүкенінің әкімшісі белгісіз адам сөреден құны 45 мың теңгеге жуық "Самсунг" маркалы құлаққапты ұрлағаны туралы арызданған.   

Тағы да бір дүкен басқарушысы Абай даңғылындағы сауда үйінен белгісіз біреу «Айфон-13» маркалы ұялы телефонын ұрлап, 630 мың теңгеден астам материалдық шығын келтіргені туралы арыз білдірді.

«Байқоңыр» ауданы ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілі жасалған қылмыстарға бұрын сотталған Тәжікстан Республикасының 30 жастағы азаматы қатысқанын анықтады. Қаскүнемнің әрекеті бейнебақылау камераларының объективіне түсіп қалған

Аталған факті бойынша «ұрлық» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады, елорда аумағында жасалған басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде. Күдікті Нұр-Сұлтан қаласының ПД Уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Өзгелердің жаңалығы