Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
Қазақстан өңірлерінде 20 сәуірдегі жағдай бойынша эпидахуалды бағалау матрицасындағы ақпаратқа сәйкес «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Атырау, Ақтөбе, БҚО, Қарағанды облыстары тұр.
Сондай-ақ «сары» аймаққа: Алматы, ШҚО, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, СҚО, Маңғыстау облыстары енді.
Ал «жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары қалды.