ЕО Жоғары өкілі Қазақстанның саяси ұстанымына алғыс білдірді

17 Қараша 2022, 13:41
851
Бөлісу:
ЕО Жоғары өкілі Қазақстанның саяси ұстанымына алғыс білдірді

Еуропалық одақтың Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі Жоғарғы өкілі Жозеп Боррель Қазақстанның саяси ұстанымы туралы айтты, деп жазады BAQ.KZ тілшісі.

Біз сонымен бірге аймақтық даму, әсіресе Ресейдің Украинаға қатысты агрессиясы мен Ауғанстандағы жағдай туралы айттық. Президент мырза маған Ауғанстандағы жағдайды хабардар етті. Біз ол туралы ұмытқан жоқпыз. Бұл елдегі жағдай маңызға ие. Ресейдің Украинаға қарсы соғысы, жаһандық теріс әсер мен бүкіл әлем үшін барлық сын-қатерлерде біз өз ұстанымымызды біріктіріп, көпжақтылықты қорғау қажеттілігі туралы, сондай-ақ елдің аумақтық тұтастығы мен егемендігі бойынша БҰҰ Жарғысын құрметтеу туралы келістік. Мен Қазақстанның БҰҰ Жарғысын, әсіресе бүкіл елдердің аумақтық тұтастығына қатысты ұстанымы үшін алғысымды білдіремін, - деді Жозеп Боррель.

Еске сала кетейік, бұған дейін ЕО өкілі Жозеп Боррель Қазақстанды маңызды әрі құнды серіктес екенін айтқан еді.

Мен осында болғаныма өте қуаныштымын. Жақында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастың 30 жыл толуын атап өтеміз. Ақпан айында осы бір айтулы күн болады. Қазақстан – өте маңызды және құнды серіктес. Оның маңыздылығы артып келеді. Біз ынтымақтастықты дамытуға мүдделіміз, - деді Боррель. 

Өзгелердің жаңалығы