ЕО Украинаны жаңа спутниктік байланыс жүйесіне қоспақ

Алғашқы спутниктерді 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

 depositphotos.com 11 Қыркүйек 2026, 02:35
11 Қыркүйек 2026, 02:35
157
Фото: depositphotos.com

Еуропалық Одақ Украинаны жаңа IRIS² қорғалған спутниктік байланыс бағдарламасына қосу жөнінде келіссөз жүргізіп жатыр. Бұл туралы ЕО-ның қорғаныс және ғарыш жөніндегі комиссары Андрюс Кубилюс Париждегі халықаралық ғарыш саммитінде мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.

Оның айтуынша, ЕО Украинамен GovSatCom және IRIS² бағдарламаларына қосылу мәселесін талқылауды бастаған.

IRIS² жүйесі төмен және орта Жер орбиталарында орналасатын 348 спутниктен тұрады. Алғашқы спутниктерді 2029 жылы іске қосу жоспарланған.

Кубилюстің айтуынша, IRIS² жоғары деңгейде қорғалған спутниктік байланысты қамтамасыз етуге арналған. Жүйе ЕО елдерінің қарулы күштеріне бірыңғай желі арқылы байланыс орнатып, іс-қимылдарын үйлестіруге мүмкіндік береді.

Жаңа спутниктік байланыс мемлекеттік органдарға, қарулы күштерге, компаниялар мен жеке пайдаланушыларға қызмет көрсетуге бағытталған.

IRIS² — Galileo спутниктік навигация жүйесі мен Copernicus Жерді бақылау бағдарламасынан кейінгі Еуропалық Одақтың тағы бір ірі ғарыштық жобасы.

Наверх