ЕО Шенген аумағына Хорватияның кіруін қолдады

9 Желтоқсан 2022, 17:20
991
Бөлісу:
ЕО Шенген аумағына Хорватияның кіруін қолдады

Бейсенбі күні Брюссельде Еуропалық одаққа мүше елдердің әділет министрлері мен ішкі істер министрлерінің отырысы өтті, деп хабарлайды BAQ.KZ ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

ЕО Әділет және ішкі істер кеңесі отырысының қорытындысы бойынша Хорватияға қатысты Шенген заңнамасын толық қолдану туралы шешім қабылданды. 

«Чехияның ЕО-ға төрағалығы кезінде Хорватия еуропалық интеграциясында екі маңызды қадам жасағанына қуаныштымын. Ол еуроға және Шенген аймағына қосылды. Бұл сәттілік басқа да мүше елдерге жол ашатынына сенімдімін. Біз әріптестерімізбен таяу болашақта Болгария мен Румынияны Шенген отбасына кіргізу үшін бар күшімізді саламыз», - деді Чехияның ішкі істер министрі Вит Ракусан.

Ішкі істер министрлері сонымен қатар ақпараттық технология жүйелерінің үйлесімділігі мен мигранттардың заңсыз кіруіне қарсы тұруды қоса алғанда, ішкі қауіпсіздік шараларына баса назар аудара отырып, Шенген аймағының жалпы жағдайын талқылады.

Еуропалық БАҚ-тың жазуынша, министрлер Хорватияны Шенген аймағына қабылдаудан бөлек, Болгария мен Румынияның визасыз аймаұұа кіруін қарауы тиіс еді. Бұған Еуроодақтың басқа мүшелері – Аустрия мен Нидерланд қарсы болған.

«Аустрия Хорватияны қолдайтынынғ бірақ 2007 жылы ЕО-ға кірген Болгария мен Румынияға қарсы екенін анық білдірді. Ал, нидерландтықтар Румынияны қабылдаса да, Болгарияға қарсы», - жазды ЕUaktiv.

Аустрия мен Нидерланд болгариялық және румыниялық шекара бақылау жүйесі Еуропаға заңсыз мигранттарды өткізу үшін әлсіз деп есептейді.

Еске салсақ, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап Хорватия Шенген аймағына қосылады.

 

Өзгелердің жаңалығы