Қазақстанның соңғы жаңалықтары

ЕО Ресейге қарсы санкцияларды 2026 жылдың наурызына дейін ұзартты

13 Қыркүйек 2025, 00:32
765
Бөлісу:
 pixabay
Фото: pixabay

Еуропалық Одақ Ресейге қарсы барлық санкциялар пакетін ресми түрде тағы алты айға ұзартты. Бұл туралы ЕО Кеңесінің хабарламасында айтылды, деп хабарлайды BAQ.KZ ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.

Шектеу шаралары 2026 жылдың 15 наурызына дейін күшінде болады. Қазіргі таңда санкциялар 2500-ден астам жеке тұлға мен ұйымға қатысты қолданылады.

Сонымен қатар, ЕО Кеңесі бір жеке тұлғаға қатысты санкцияларды ұзартпау туралы шешім қабылдады.

Өзгелердің жаңалығы