ЕО-дағы бірінші ел Ресей газынан толық бас тартқанын мәлімдеді

3 Сәуір 2022, 01:19
2990
Бөлісу:
ЕО-дағы бірінші ел Ресей газынан толық бас тартқанын мәлімдеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литва ресейлік газды жеткізуден мүлде бас тартты, деп хабарлады ел президенті Гитанас Науседа, деп хабарлады Tengrinews.kz РИА Новостиге сілтеме жасап.

Осы айдан бастап Литвада ресейлік газ болмайды. Көп жылдар бұрын менің елім бүгінде агрессормен энергетикалық байланысты қиналмай үзуге мүмкіндік беретін шешімдер қабылдады. Егер біз мұны істей алатын болсақ, онда Еуропаның қалған бөлігі де жасай алады! – деп жазды Науседа Twitter-дегі парақшасында.

Бұған дейін Еурокомиссия жылына 155 миллиард текше метр тұтынумен ресейлік газды ауыстырудың төтенше жоспарын дайындаған болатын. Шаралар қатарында радиаторлар мен кондиционерлерді пайдалануды қысқарту (бұл шамамен 14 млрд текше метр газды үнемдеуге мүмкіндік береді), биометанды, сондай-ақ жел және күн энергиясы жобаларын ынталандыру (тағы да 25 млрд текше метр үнемдеу).

Өзгелердің жаңалығы