Энергетика министрлігінің өкілдері Степногорск ЖЭО-ға барды

27 Сәуір 2022, 09:07
1372
Бөлісу:
Энергетика министрлігінің өкілдері Степногорск ЖЭО-ға барды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР  Энергетика министрлігі өкілдері Ақмола облысының Степногорск қаласына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Сапар барысында Энергетика министрлігі мен Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері Степногорск ЖЭО-да болып, энергетикалық жабдықтардың ағымдағы жағдайымен танысып, станцияны аралап шықты. Жылыту маусымының өтуінің өзекті мәселелері, соның ішінде қазандықтардың апаттық тоқтауы, ЖЭО-ның алдағы жылыту маусымына уақытылы, сапалы дайындау тәуекелдері талқыланды.

Энергетика министрлігінің өкілдері Степногорск ЖЭО-ға барды

Сондай-ақ сапар барысында ағымдағы жылыту маусымын өткізу кезінде жылу желілері бойынша проблемалық мәселелер қаралды. Тұрғындардың шағымдарын талдау көп пәтерлі тұрғын үйлерді жылумен жабдықтаудыңсапасыздығын көрсетеді.

Степногорск қаласының тұтынушыларын жылумен жабдықтауды жақсарту мақсатында қаланың жылу желілерін және көп пәтерлі тұрғын үй қорының ішкі желілерін жаңғырту қажеттілігі атап өтілді.

Кеңес қорытындысы бойынша электр станциялары мен жылу желілерін алдағы жылыту маусымына дайындау бойынша ұсыныстар мен жоспарлар әзірлеу тапсырылды, оларды алдағы уақытта Ақмола облысы әкімдігінің және басқа да орталық мемлекеттік органдардың қатысуымен өтетін кеңесте қарау жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы