Энергетика министрлігінің басшылығы Атырау жылу электр орталығында болды

11 Маусым 2022, 08:55
1289
Бөлісу:
Энергетика министрлігінің басшылығы  Атырау жылу электр орталығында болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігінің басшылығы Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың тапсырмасы шеңберінде «Атырау ЖЭО» АҚ-та болды.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Атырау ЖЭО» АҚ құрамына: 

 - «АЖЭО» АҚ;

 - Аудандық қазандықтар 120 мВт (103Гкал) кіреді.

«Атырау ЖЭО» АҚ 1963 жылы пайдалануға берілді, белгіленген электр қуаты – 474 мВт, жылу қуаты – 798 Гкал/сағ, оның ішінде «АЖЭО» АҚ-ы – 695 Гкал/сағ, аудандық қазандық – 103 Гкал/сағ.

Электр станциясын алдағы жылыту маусымына дайындау аясында жөндеу жұмыстарына 967,278 млн. теңге бөлінді.

Жылу электр орталығын аралау барысында алдағы уақытта ПТ – 60-90/13 үлгісіндегі Т/А (турбоагрегат) ст.№6 ауыстыру мәселелері, сондай-ақ оны іске асыру мерзімдері талқыланды. 

ПТ-65-90/13 үлгісіндегі Т/А ст.№13 монтаждау жұмыстарының барысы тексерілді: олар 95%-ке орындалып, жұмыстар аяқталуға жақындады. Пайдалануға беру мерзімі - 2022 жылдың IV тоқсанына жоспарланған. 

Турбоагрегатты пайдалануға беру электр станцияның электр және жылу қуатын арттыруға және тұтынушыларды электр және жылумен жабдықтау сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді. 

Нысандарды аралағаннан кейін ҚР Энергетика министрлігінің басшылығы және станция басшыларының қатысуымен жұмыс кеңесі өткізілді. 

Энергетикалық кәсіпорындарды алдағы жылыту маусымына тиісті сапамен дайындау ҚР Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің тұрақты жалпы бақылауында.

Өзгелердің жаңалығы