Алматы, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев ОКҚ алаңында өткен брифингте 2017 жылы министрлік орта мерзімді перспективада газдың тапшылығын болжағанын мәлімдеді.
Министр бұған себеп ретінде газдың өте төмен бағасы, тұтынудың белсенді өсуі және өндірісті одан әрі дамыту мүмкіндігі болмауын мысалға келтірді.
Осыған байланысты сұйытылған газ нарығын біртіндеп либерализациялау туралы шешім қабылданды. Бұл үшін 2018 жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» Заңына газды электрондық сауда алаңдары арқылы саудалауға 2019 жылдан бастап кезең-кезеңімен өтуді көздейтін түзетулер енгізілді. Үш жылдың ішінде 5% саудадан бастап электрондық сауда алаңдары арқылы өткізілетін сұйытылған газ көлемдері ұлғайды. Және 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап Заңға сәйкес газ саудасының тауарлық биржалар арқылы толық, яғни жүз пайызға өтті, – деді ол.
Оның айтуынша, газды электрондық сауда арқылы өткізу нарықтың барлық қатысушылары үшін тең және кемсітпеушілік шарттарды жасайтынын жеткізді. Сонымен қатар, газдың қажетті көлемдерін тікелей өндірушілерден сатып алуға мүмкіндік береді.
Электрондық саудаға көшу сұраныс пен ұсыныс негізінде газға бағаны теңдестіруге мүмкіндік береді. Бұл өндірушілер үшін тартымды жағдай тудырады және болашақта жаңа өндірістік қуаттар құруға инвестициялар тартуға мүмкіндік берді. Сонымен қатар нарықтық механизмдер бәсекелестіктің дамуына оң әсер етеді. Делдалдар нарығына әсерін азайтады. Шағын және орта бизнесті дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасайды, – деді Мағзұм Мырзағалиев.
Осы шаралардың арқасында ҚазМұнайГаз Жаңаөзен қаласындағы жаңа газ өңдеу зауытының құрылысына инвестиция салуға шешім қабылдаған.
Төмен бағалар қалса тұтынудың едәуір өсуі өндіруші зауыттар үшін осы шикізатты өндірудің тартымсыздығына алып келді. Және кейіннен осы саланың ықтимал жоғалуына әкелуі мүмкін еді. Сонымен бірге көрші елдерде газ бағасы айтарлықтай жоғары. Тиісті бақылаушы органдар ішкі нарықтың қажеттіліктеріне карастырылған газды заңсыз елдің сыртына алып шығудың көптеген фактілерін тіркеді, – деді министр.