Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Энергетика министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Болат Ақшолақов айтты.
Министрдің мәліметінше, 2021 жылдың қорытындысы бойынша мұнай өнімдерін өндіру 12,7 млн тоннаны құрады.
Мұнай өнімдерінің негізгі түрлерінен: бензин өндірісі – 4,8 млн тонна, дизель отыны – 4,9 млн тонна, мазут – 2,4 млн тонна және авиакеросин – 586 мың тонна. 2022 жылға арналған жоспар 13,3 млн тоннаны құрайды, - дейді ол.
Сондай-ақ Ақшолақов атап өткендей, Президенттің тапсырмасына сәйкес Энергетика министрлігінің бұйрығымен 180 күн мерзімге мұнай өнімдерін бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар мынадай деңгейде белгіленді:
1) АИ-92 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
2) АИ-93 маркалы бензин – литріне 182 теңге;
3) АИ-95 маркалы бензин – литріне 215 теңге;
4) дизель отыны (жазғы, маусымаралық) – литріне 230-260 теңге құрайды.
Сонымен қатар Президенттің «Жаңа Қазақстан: жаңарту және жаңғырту жолы» атты жолдауы аясында, шаруаларды жанар-жағармай материалдарының қажетті көлемімен қолайлы баға бойынша қамтамасыз ету жұмыстары жүзеге асырылады. Бүгінгі күні ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізуі үшін мұнай өңдеу зауыттарына 1 тоннасына 212 мың теңге бағасымен 400 мың тонна дизель отыны (176 теңге/литр) бөлінді, - деп түсіндірді Энергетика министрі алқа отырысында.
Сөзінше, жеткізу мен сақтауды ескере отырып, өңірге байланысты болжамды баға ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері үшін бөлшек сауда бағасынан орта есеппен
15-30%-ға төмен.