Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Энергетика министрі жұмыс сапарымен Павлодар облысына барды

24 Қыркүйек 2022, 12:12
1388
Бөлісу:

2022 жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Павлодар облысына барды, деп хабарлайды BAQ.KZ министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жұмыс сапары шеңберінде Болат Ақшолақов келесі өндірістік объектілердің: «Екібастұзжылуэнерго» ЖШС-ың Екібастұз ЖЭО-сы, Екібастұз МАЭС-і, Екібастұз станциясы 2-МАЭС-і, Павлодар мұнайхимия зауыты және «Нефтехим ЛТД» ЖШС-ның жұмысымен танысады.

Сондай-ақ министрдің өңір тұрғындарымен және коммерциялық емес ұйымдарымен кездесулері өтеді, жұмыс сапарының қорытындысы бойынша бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінің базасында брифинг ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы