Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

10 Маусым 2023, 09:27
702
Бөлісу:
Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды
PHOTO
Фото: Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Энергетика министрі Астана Халықаралық форумы шеңберінде ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша бірқатар маңызды құжаттарға қол қойды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Астана халықаралық форумының екінші күні «Энергетикалық қауіпсіздікті қайта қарау: оңайлатылған шешімдер шеңберінен шығу» сессиясында Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі әріптес болып, оған спикерлер ретінде Қазақстанның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев, БАӘ энергетика және инфрақұрылым министрі Сухейл әл-Мазруи, ЕҚДБ президенті Одиль Рено-Бассо, АДБ президенті Масатцугу Асакава, IRENA бас директоры Франческо Ла Камера және Baker Hughes компаниясының басшысы Лоренцо Симониели қатысты.

Сессия энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналды, онда спикерлер пікірлерімен бөлісіп, модератордың сұрақтарына жауап берді.

Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі «Өңірде жаңартылатын энергия көздерін дамыту: энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің баламалы шешім жолдары» тақырыбында side event іс-шарасын ұйымдастырды.

Алмасадам Сәтқалиев Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерін дамыту туралы баяндама жасады. Сессияның спикерлері Әзербайжанның энергетика министрі Парвиз Шахбазов, Тәжікстан Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хайрулло Ибодзода және IRENA елдермен өзара іс-қимыл және әріптестік департаменті директорының орынбасары Бину Партан болды.

Баяндама жасағаннан кейін спикерлер Қазақстандағы Дүниежүзілік Банктің Тұрақты өкілі – модератор Андрей Михневтің сұрақтарына жауап берді.

Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

Бұдан басқа форум шеңберінде Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев жаңартылатын энергия көздері жобаларын іске асыру жөніндегі жол карталарына:

- Жамбыл облысында Chinapowerinternationalholding limited-пен (ҚХР) бірлесіп, электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт жел электр станциясын салу жөніндегі жобаны іске асыру шеңберінде іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары (Жол картасы);

- Жамбыл және Қостанай облыстарында Masdar-мен (БАӘ) бірлесіп, электр энергиясын жинақтау жүйесі бар қуаты 1 ГВт дейінгі жел электр станциясын салу жөніндегі жоба шеңберінде іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарына (Жол картасы) қол қойды.

Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды

Бұл жобалар Қазақстан Республикасында жаңартылатын энергетиканы дамытуға, сондай-ақ жаңартылатын энергетика саласындағы көшбасшылармен ынтымақтастыққа ықпал ететін болады.

Энергетика министрі ЖЭК жобаларын іске асыру бойынша маңызды құжаттарға қол қойды
Өзгелердің жаңалығы