Энергетика министрі мұнай-газ-химия саласында іске асатын ірі жобаларды атады

30 Қараша 2021, 11:49
915
Бөлісу:
Энергетика министрі мұнай-газ-химия саласында іске асатын ірі жобаларды атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2022 жылы қуаты жылына 500 мың тонна полипропилен өндіретін зауытты пайдалануға беру жоспарланған.

Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.

Бүгінгі таңда құрылыс-монтаждау жұмыстары жүргізілуде, жобаны іске асырудың жалпы прогресі 96%-ды құрап отыр. Бұдан басқа, 2025 жылға дейін екі зауыттың құрылысын аяқтау жоспарлануда. Атап айтқанда, Атырау облысында қуаты жылына 430 мың тонна полиэтилентерефталат өндіретін зауыт пен Батыс Қазақстан облысында қуаты жылына 130 мың тонна метанол өндіру зауыты, - деді министр.

Оның айтуынша, жобаларды іске асыру 2025 жылға қарай шығарылатын мұнай-газ-химия өнімінің көлемін 2 млн тоннаға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Ал тартылған инвестициялар сомасы бір 1,2 трлн теңгеге жетеді.

Сондай-ақ министрдің сөзінше, мұнай-газ-химия саласында бірқатар ірі жоба, атап айтқанда полиэтилен қуаты-жылына 1,25 млн тонна және бутадиен қуаты-жылына 189 мың тонна өндірісі бойынша жобаларды іске асыру жоспарлануда.

Полиэтилен жобасы бойынша бүгінгі таңда «СИБУР-мен» ынтымақтастықтың базалық шарттары бойынша келісімдерге қол қойылды. Бутадиен жобасы бойынша осы жылдың мамыр айында «Татнефть» компаниясымен стратегиялық серіктес ретінде жобаны бірлесіп іске асыру туралы келісімге қол жеткізілді. Жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу жүргізілуде. Бұл жобаларды іске асыру ел экономикасына шамамен 8,6 млрд АҚШ долларын тартуға мүмкіндік береді, - деді Мырзағалиев.

Өзгелердің жаңалығы