Эндокринолог арықтауға кедергі келтіретін гормонды атады

Артық салмақтың пайда болуы кортизол гормонымен тығыз байланысты. Бұл гормон организм күйзеліске ұшыраған кезде бөлінеді. Дәл осы гормон арықтауға да, салмақ жинауға да кедергі келтіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 pixabay.com 12 Ақпан 2024 2024, 19:52
12 Ақпан 2024 2024, 19:52
1303
Фото: pixabay.com

Артық салмақтың пайда болуы кортизол гормонымен тығыз байланысты. Бұл гормон организм күйзеліске ұшыраған кезде бөлінеді. Дәл осы гормон арықтауға да, салмақ жинауға да кедергі келтіреді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Бұл туралы эндокринолог Екатерина Янг өзінің Telegram-каналында мәлім етті.

Оның сөзінше, кортизол организмдегі көмірсу алмасуына әсер етеді. Салдарынан глюкоза көбейеді, артынша инсулин мөлшері де жоғарылайды. Сонымен қатар Янг бұл гормон бүйрек безінен бөлінетіндіктен, көмірсусыз толыққанды жұмыс істей алмайтынын атап өтті.

Кортизол гормоны ашырқаған кезде, гипогликемия кезінде көптеп бөлінеді. Сол себепті, егер көп күйзеліске ұшырайтын болсаңыз, ұйықтауыңыз қиынға соқса немесе түнде жиі оянатын болсаңыз, сізге көмірсу мөлшері аз диеталар жарамайды, - деді ол.

Эндокринолог атап өткендей, маусымдық көкөністер тәрізді пайдалы көмірсуларды тұтыну керек.

Наверх