Енді жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды

15 Мамыр 2024, 12:15
4077
Бөлісу:
Енді жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды
Фото: Мәди Искаков - архив

Жүргізуші куәлігі жоқ жол ережесін бұзғандар 7 жылға дейін құжат ала алмайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәжіліс «Жол жүрісі туралы» заңға және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жүруін ұйымдастыру және жол қауіпсіздігін цифрландыру мәселелері бойынша заңнамалық түзетулерді екінші оқылымда қабылдады.

Мәжіліс депутаты Екатерина Смышляева жол жүрісіне қатысты заң жобасының ерекшелігін түсіндірді.

Заң қабылданғаннан кейін жүргізуші куәлігі жоқ және оны алмай тұрып көлік құралын басқарған, оның ішінде алкоголь немесе есірткі қолданған мас күйінде жауапкершілікке тартылған тұлғалар 7 жылға дейін емтихан тапсыруға жіберілмейді, - деді депутат.

Қазіргі таңда олар әкімшілік жазаны өтеп, емтиханды оңай тапсырып, жүргізуші куәлігін ала алады. Осыған ұқсас айыптар бойынша жауапқа тартылған жүргізушілер 7 жылға көлік жүргізу құқығынан айырылады.

Өзгелердің жаңалығы