Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі

5 Шілде 2023, 00:20
742
Бөлісу:
Енді жаңа туған нәрестеге ЖСН бірден беріледі
Фото: baq.kz

ІІМ мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, жаңа туған балаларға ЖСН (жеке сәйкестендіру нөмірін) беру бойынша пилоттық жобасын іске қосты. Бұл туралы BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Жүйе анасына баланың тегі, аты және әкесінің аты сияқты мәліметтерді беру туралы SMS-хабарлама жібереді.

Бұрын балаға ЖСН ата-анасы туу туралы куәлік алуға өтініш білдіргеннен кейін ғана берілетін. Сол себепті біраз бала ата-аналары мұндай куәлікті алғанға дейін есепке алынбайтын. Енді АХАТ бөлімі туу туралы медициналық куәлікті алғаннан кейін автоматты түрде баланың туу туралы актілік жазбасын жасайды, оның негізінде баланың ЖСН-ы қалыптасады, – делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы