Енді таксилер нақты көлік құралына бекітіледі: Жаңа ереже күшіне енді

Бұдан былай тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті.

 ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов Бүгiн 2026, 11:39
Бүгiн 2026, 11:39
188
Фото: ©BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

Қазақстанда такси қауіпсіздігін бақылау күшейтілуде. Енді хабарламаларға автомобиль туралы дерек қосылады.

ҚР Ұлттық экономика министрлігі такси тасымалдаушылардың хабарлама беру ережесіне өзгеріс енгізді. Енді тасымалдаушы такси қызметін бастамас бұрын жергілікті атқарушы органға хабарлама жіберуге міндетті. Сонымен қатар, жаңартылған нысанда көлік құралы ауыстырылғанда және жаңадан көлік қосылғанда, яғни автопаркті жаңарту кезінде өзгеріс енгізу мүмкіндігі қарастырылған.

Бұрынғы тәртіп бойынша, тасымалдаушы белгілі бір көлік құралына байланбайтын. Бұл жол-көлік оқиғасы кезінде жолаушыларға немесе үшінші тұлғаға зиян келтірілген жағдайда жауапты адамды анықтауды қиындататын. Осыған байланысты хабарлама нысаны көлік құралының маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірін және шығарылған жылын көрсететін мәліметпен толықтырылды. Бұл шара жолаушыларды тасымалдау қауіпсіздігіне жауапты такси тасымалдаушысын жедел сәйкестендіруге, сондай-ақ нарыққа заңсыз қатысушылардың үлесін қысқартуға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Экономика министрлігінің баспасөз қызметі. 

Ведомствода атап өткендей, өзгерістер «Мемлекеттік органдардың хабарламалар нысандарын және хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрыққа енгізілді.

Еске салайық, бұған дейін самокаттар мен мопедтерге жаңа талап қойылып, 1 шілдеден бастап өзгеріс енетіні хабарланды. 

Тағы оқи отырыңыздар:

Курьер мен такси жүргізушілерінің құқығы қорғалмаған – Сенатор

Қазақстанда жүргізушісіз такси қашан іске қосылатыны айтылды

Атырауда такси жүргізушісі жолаушыны пышақтап кетті

Наверх