Үкімет отырысында Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов енді такси жүргізушілеріне арналған QR код жүйесі енгізілетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Кейде туристер келген бетте такси, байланыс, валюта айырбастау сияқты қызметтерден алданып қалып жатады. Осының алдын алу үшін QR код жүйесі әзірленді, – деді министр.
Бүгінде QR-кодтар Астана, Ақтау, Түркістан және Шымкент қалаларында орналастырылған.
Министр бұл бастаманы барлық әуежай, вокзал мен шекара өткелдеріне тарату үшін жергілікті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет екенін атап өтті.
Қазіргі таңда аэропорттар QR кодтарды орналастыру үшін қосымша қаражат сұрайды. Осыған орай тәжірибені кең тарату үшін тиісті әкімдіктер мен Көлік министрлігінің қолдауы қажет. QR кодты барлық әуежайларға, вокзалдар мен шекара өткелдеріне орналастыру керек, – дейді ведомство басшысы.