Енді табыстың тең жартысы темекіге кете ме? Елде темекі қымбаттады

5 Шілде 2023, 06:19
759
Бөлісу:
Енді табыстың тең жартысы темекіге кете ме? Елде темекі қымбаттады
Фото: baq.kz

Елімізде темекі қымбаттады. Бағаны көтеру туралы қаржы министрлігінің бұйрығы күшіне енді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оған сай ең төменгі баға 710 теңге болды. Яғни, шылым 60 теңгеге қымбаттап отыр. Бұған дейін ең арзан баға 650 теңге еді. Ал 2024 жылдан бастап темекі құны тағы көтеріледі. Ол кезде ең төменгі баға 770 теңге болмақ. Бұған келер жылы акциздің 14 процентке қымбаттауы және шикізат пен логистика бағасының көтерілуі түрткі болмақ.

Айта кетейік, темекі бағасының артуында қымбатшылық арқылы никотинге тәуелділерді азайту да көзделген.

Өзгелердің жаңалығы