Енді спортпен шұғылданатын оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады

30 Мамыр 2022, 17:31
2607
Бөлісу:
Енді спортпен шұғылданатын оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады
Фото: Артём Чурсинов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Енді спортпен шұғылданып оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады. Бұл туралы Дүниежүзілік гимназиада – 2022 жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімінде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлімдеді.

Президент 1 000 мектеп салу бойынша тапсырма бергенін білесіздер. Енді осы мектептерді жаңа үлгіде салып жатырмыз. Соның ішінде осы мектептер бір емес, бірнеше спорт залдармен жабдықталады. Ол бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Сондай-ақ жаңа типтік жобалар дайындалып жатыр. Бұл да еліміздегі спортты дамыту үшін септігін тигізеді,  - деді Асхат Аймағамбетов.

Енді спортпен шұғылданатын оқушылар дене шынықтыру сабағынан босатылады

Сонымен қатар Білім және ғылым министрлігінің басшысы оқушылар мен олардың жаттықтырушылары жиі көтеріп жүрген мәселеге тоқталды.

Бізде аптасына 3 сағат Дене шынықтыру сабағы өтеді. Енді күнде, тіпті аптасына 5-10 дайындалып жүрген оқушыларды, спортшыларды осы пәннен босату немесе ерікті түрде қатысуға қатысты ұсыныс болды. Бұл ұсынысты біз (министрлік – авт.) зерттедік, жан-жақты қарадық. Қазір тиісті заңнамаға өзгерістер енгізіліп жатыр. Енді күнделікті спортпен айналысып жүрген оқушыларға осындай мүмкіндік беріледі, - деп түсіндірді Асхат Аймағамбетов оқушыларды марапаттау рәсімінде.

Өзгелердің жаңалығы