Енді Самарқандқа Түркістан арқылы ұшуға болады

Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі 11 Қазан 2023 2023, 13:22
11 Қазан 2023 2023, 13:22
922
Фото: Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды BAQ.KZ Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

14 қазаннан бастап Түркістан халықаралық әуежайы «Silk Avia» әуе компаниясының демо-рейсін қарсы алып, Самарқанд-Түркістан бағыты бойынша алғашқы рейсін орындайды.

Ұшу уақыты - 1 сағат 20 минутты құрайды. Билеттердің құны - бір бағытқа 36 мың теңгеден басталады. Тариф бойынша 5 келі қол жүгі және 20 келі багаж қарастырылған.

Наверх