Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Енді қазақстандықтар қанша су, жылу және жарық пайдаланғанын онлайн бақылай алады

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
7 Тамыз 2025, 13:08
928
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Қазақстанда су, жылу және электр энергиясын есепке алуға арналған бірыңғай цифрлық платформа іске қосылады. Ол Smart Turmys деп аталады. Жаңа жүйенің қалай жұмыс істейтінін Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев түсіндірді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бозымбаевтың айтуынша, платформа тұрғындардың коммуналдық қызметтер бойынша деректерін нақты уақыт режимінде бақылауға, тұтыну көлемі мен тарифтер туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді.

Міндет – белгілі бір уақыттан кейін сіз өз смартфоныңыз арқылы есептегіштеріңізді, тарифтің қанша болғанын, қанша ресурс тұтынғаныңызды көре алатындай ету. Егер бірдеңе дұрыс болмаса, тиісті монополистерге сұрақ қою мүмкіндігіңіз болуы керек, — деді вице-премьер.

Цифрлық платформа бірнеше банкпен интеграцияланады.

Бірақ бұл үшін ондаған мың есептегіш орнатуымыз керек, деректерді жеткізуді қамтамасыз етуіміз қажет. Республикалық деңгейде біз big data мен жасанды интеллектті енгіземіз, ол сізге қажетті талдауды ұсынады. Бұл аналитика да қолжетімді болуы үшін бар күшімізді саламыз, — деп айтты Қанат Бозымбаев.

Еске салайық, Үкіметте Қазақстандағы жылу маусымына дайындық жұмыстары туралы айтылды.

Сондай-ақ, бұған дейін коммуналдық қызмет тарифтері неге қымбаттап жатқанын жазған болатынбыз. 

Үкімет үйінде Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев коммуналдық төлемдер қымбаттаса, кімге көмек көрсетілетінін де атап өтті. 

Қазақстанда тарифтер 20-30%-ға қымбаттайтын болды. 

Өзгелердің жаңалығы