Qazaq Air Түркістан-Самарқанд әуе рейстерін ашады, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Оқи отырыңыз:
ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті әуе компаниялармен бірлесіп Қазақстанға рейстер санын одан әрі арттыру және ұшу географиясын кеңейту бойынша жұмысты жалғастыруда.
Биылғы жылдың 15 наурызынан бастап Qazaq Air әуекомпаниясы Түркістан – Самарқанд бағыты бойынша рейстерді іске қосуды жоспарлап отыр. Рейстер аптасына 2 рет (жұма, жексенбі күндері) De-Havilland Dash 8-Q400 типті әуе кемелерінде орындалады, - делінген Азаматтық авиация комитеті таратқан хабарламада.
Әуе қатынасының артуы Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, инвестициялық және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал ететін болады.