Енді қамқоршылар балалардың банк карталарын онлайн аша алады

7 Тамыз 2023, 18:48
1261
Бөлісу:
Енді қамқоршылар балалардың банк карталарын онлайн аша алады
Фото: ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Балаларға арналған банк карталарын енді қамқоршылары онлайн режимінде аша алады, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Балаларға банк карталарын ашу олардың қамқоршылары мен қорғаншылары үшін онлайн режимінде қолжетімді болады. Бұл туралы ҚР Оқу-ағарту министрлігінің цифрландыру және автоматтандыру департаменті хабарлады.

Оқу-ағарту министрлігі ЦДИАӨМ-мен және «ҰАТ» АҚ-мен бірлесе отырып, қорғаншылар мен қамқоршылардың келісімімен олардың қамқоршылығындағы 18 жасқа толмаған балалар туралы мәліметтерді беру бойынша екінші деңгейлі банктермен интеграциялық қызметті жүзеге асырды. Интеграция қорғаншылар мен қамқоршыларға банктік қызметтерді алу үшін қағаз жүзіндегі анықтамаларсыз, өздерінің мәртебесін онлайн растауға мүмкіндік береді, - деп атап көрсетті Оқу-ағарту вице-министрі Айбат Ілиясов.

Бұрын балаға банк картасын тек ата-анасы ғана аша алатын. Енді бұл қызмет қорғаншылар мен қамқоршылар үшін де қолжетімді болады. 

Айта кетейік, ҚР Оқу-ағарту министрлігінде мемлекеттік қызметтерді электронды және проактивті форматқа көшіру бойынша жұмыстар жалғасуда.

Өзгелердің жаңалығы