Бұрынғы экс-министр Қуандық Бишімбаевқа қатысты сот отырысы үзілістен кейін қайта жалғасты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Адвокат Ерлан Ғазымжанов "Салтанат қайтыс болған соң Қуандық Бишімбаев екеуіңіз не туралы сөйлестіңіздер?" деп сұрақ қойды.
Қуандықпен біз сөйлескен жоқпыз. Ол үрейленіп, "Бақытжан мен не істеп қойдым!? Енді қолыммен істегенімді мойныммен көтеремін. Адам өлтірдім, қалай өмір сүремін енді? Бала-шағамның бетіне қалай қараймын" деген сөздер айтты. Мұны жылап отырып айтып, Абылайға өзін жіберсін деді, - деп мәлімдеді Байжанов.
Байжанов Бишімбаевпен полиция қызметкерлері келгенше өзара ешқандай келісімге келмегенін айтады.
Бұған дейін Байжанов Нүкенова мен Бишімбаевтың арасындағы жанжал бұрын да болғанын мәлімдеген еді.
Сондай-ақ сот Бишімбаев қорғаушыларының өтінішін қанағаттандырмады.