Енді Түркістан облысынан шыққан машиналарды мінуіңіз мүмкін

<h4> <p> Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.&nbsp;Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- "Ленгер машина жасау" зауыты іске қосылатын болады.&nbsp; </p> </h4> <p> </p> <blockquote> </blockquote> <br>

 29 Сәуір 2020 2020, 23:14
29 Сәуір 2020 2020, 23:14
17343

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Түркістан облысы Төлеби ауданында өнеркәсіп саласындағы ірі жобалардың бірі- "Ленгер машина жасау" зауыты іске қосылатын болады. 

Аталған жобаға 2 млрд теңге инвестиция тартылған. Қазіргі таңда зауытта толықтай қайта құру, жаңарту жұмыстары жүргілізіп жатыр. Нәтижесінде жалпы өндірістік аумағы 13096 шаршы метрді құрайтын алпауыт кәсіпорын іске қосылатын болады - денлінген облыс әкімдігі таратқан хабарламада.

Кәсіпорын машина жасау өнеркәсібіне маманданған. Зауытта халықтың сұранысына қажетті машина жабдықтары, жиһаз өнімдері, темір бұйымдары мен бөлшектері шығарылмақ. Зауыттың жыл сайынғы өнімділігі 60-70 тоннаға жетеді. Айта кетерілігі, мұнда отандық шикізат пайдаланылып, өндірілген өнімдерді еліміздің ішкі нарығына шығару жоспарлануда. 

Алдағы уақытта жаңа жұмыс орындары ашылып, 250 адамды жұмыспен қамту көзделініп отыр.

Наверх