Енді мұғалімдер біліктілігін жаңа форматта арттырады

29 Тамыз 2023, 12:31
4060
Бөлісу:
Енді мұғалімдер біліктілігін жаңа форматта арттырады
Фото: Артём Чурсинов - архив

Бұл туралы Білім басқармасы басшысының орынбасары Маржангүл Қайырбаева қаланың коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Маржангүл Қайырбаева 2023-2024 оқу жылында елорда педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету үшін қандай жұмыстар атқарылып жатқаны жайлы айтып берді.

Оның сөзінше, Астана педагогері үшін мотивация мен әдістемелік сүйемелдеуді арттыру бойынша бірқатар жаңа жоба әзірленді.

Әдістемелік орталық алғаш рет аттестаттау кезінде ескерілетін курстарды ұйымдастырады. Оқыту - әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмыстың дәстүрлі түрлерімен қатар боладв. Курстарда мұғалімдер кері байланысты тиімді ұсыну мәселелерін, аттестаттауға дайындықтың ерекшеліктерін, мектеп кітапханаларының жұмысын ұйымдастыруды, сондай-ақ оқу-тәрбие процесінде кітапхананың рөлін зерттейді, - деп айтты Білім басқармасы өкілі брифингте.

Маржангүл Қайырбаева педагогтердің шығармашылық әлеуетін, олардың кәсіби деңгейі мен құзыреттерін дамыту үшін жоғары оқу орындарында кадрларды педагогикалық даярлау ғана емес, сондай-ақ жұмыс істейтін кадрлардың кәсіби өсуі де маңызды екенін атап өтті.

Барлық деңгейдегі педагогтердің біліктілігін арттыру бойынша деректерді жүйелеу мақсатында алғаш рет цифрлық платформа әзірленді. Ол білім беру ұйымдары, оқу пәндері, курстардың өту мерзімдері мен тақырыптары бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өту бойынша дербес және жиынтық ақпарат жинауды жүзеге асырады, сондай-ақ біліктілікті арттыру қажеттілігін шығарады, - дейді ол.

Қайырбаева директорлардың 30 орынбасарының ішінен MBA бағдарламасы бойынша кадрлық резервті оқыту жоспарланып отырғанын қоса кетті. Бұл жұмыс биыл қараша айында басталады.

Жыл бойы практикаға педагогтерді оқыту және біліктілігін арттыру бойынша халықаралық және отандық тағылымдамалар белсенді енгізілді. 200-ден астам оқытушы Грузия, Сингапур, Финляндия және Жапония оқу орындарында оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың өзекті және маңызды бағыттары бойынша халықаралық тәжірибенің өзекті, тиімді және қолайлы компонентін оқу процесіне біріктіру үшін тағылымдамадан өтті.

Биыл «Үздік педагог» республикалық байқауының жеңімпаздары мен педагог-шеберлер қатысатын «Шеберден тәлім» жобасын іске асыруды, сондай-ақ ұлттық құндылықтарды «Құндылыққа негізделген білім беру» жобасында оқу-тәрбие процесіне біріктіруді жалғастырамыз, - деп бөлісті Қайырбаева.

Сонымен қатар барлық деңгейдегі білім беру ұйымының сұраныстары бойынша оқу-тәрбие процесін ұйымдастыру, атап айтқанда сабақты жоспарлау және өткізу мәселелері бойынша әдістемелік күндер мен оқыту семинарлары өткізіледі.

Оған қоса, елордада жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін дамытуға «Жас педагог мектебі», мектеп директорлары мен олардың орынбасарлары үшін «Жас орынбасар мектебі», «Жас директор мектебі», «Мектепке дейінгі білім беру ұйымының жас әдіскер мектебі» көмектеседі.

Бейіндік оқытуды іске асыру бойынша ынтымақтастық шеңберінде ІТ, техникалық, технологиялық, сәулет, инженерлік, аграрлық және педагогикалық бағыттар бойынша колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтары үшін жекелеген сабақтар ұйымдастырылады.

Өзгелердің жаңалығы