Енді ХҚКО ЭЦҚ бермейді, электрондық қызмет көрсетілмейді

10 Мамыр 2020, 21:56
1845
Бөлісу:
Енді ХҚКО ЭЦҚ бермейді, электрондық қызмет көрсетілмейді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Халыққа қызмет көрсету орталықтары карантин біткен соң өз жұмысын жаңаша бастайды.

Вирустың таралу қаупі мен тұрғындардың өмірі мен денсаулығына алаңдаушылықтың сақталуына байланысты халыққа қызмет көрсету орталықтарының жұмыс тәртібін өзгерту туралы шешім қабылданған болатын.

Өзгерістер ХҚО-да көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлеріне ғана емес, оларды ұсыну форматына да қатысты. Олар:

  • Алматылықтар ХҚО-ға электронды форматта қолжетімсіз, тек "қағаз" жүзінде көрсетілетін қызметтер (мысалы, жеке куәлікті, төлқұжатты ауыстыру,  зейнетақы төлемдерін тағайындау),  мен egov.kz арқылы рәсімделген өтініштердің нәтижесін алу үшін ғана келе алады.
  •  Екіншіден, енді ХҚО-ға бару үшін 1414 байланыс орталығы немесе немесе egov.kz сайтындағы арнайы сервис арқылы кезек уақытын алдына ала брондау қажет болады.
  • Азаматтар электронды форматқа аударылған және egov.kz порталында қолжетімді барлық мемлекеттік қызметтің 80%-дан астамын бұрынғыдай ХҚО ғимараттарында емес, тек өздігінен немесе әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, медициналық ұйымдарда және т.б. жерде орналастырылатын өзіне-өзі қызмет көрсету секторларында ала алады.
  • Сонымен қатар, бұрынғыдай ЭСҚ-лар ХҚО-да берілмейді, тек eGov.kz порталы арқылы алынады.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматына көшу бойынша қандай дайындық жұмыстары жүргізілді:

  • Бірқатар фронт-офистер жаңа форматқа лайықталып қайта жаңартылды. Оларда колл-орталық және бейнеқоңыраулар қабылдау орталықтары орналастырылып, қайта жабдықталды. Олар: Алатау ауданының № 1 бөлімі (Нұркент ш/а. 5/17) Әуезов ауданы (Жандосов көшесі, 51), Бостандық ауданы (Алмагүл ш/а, Хожанов көшесі, 9), Наурызбай ауданы (Шұғыла ш/а. 222/5) Медеу ауданы (Марков к-сі, 44), Түрксіб ауданы (Рихард Зорге к-сі, 9-үй) және № 1 Мамандандырылған ХҚКО(Саялы ш/а., Аққайнар көшесі, 1)

   Барлығы 169 жұмыс орны ұйымдастырылды, 50 колл орталық, 119 бейнеқоңырау қабылдау операторлары жұмыс істейді.

  • Электрондық мемлекеттік қызметтерді үйден шықпай алу мүмкіндігі жоқ азаматтар үшін 48 жұмыс орнына операторсыз 2 цифрлық ХҚКО ұйымдастырылды. Онда көрсетілетін қызметті алушыларға порталға тегін негізде кіру мүмкіндігімен ұйымдастыру техникасы (жеке компьютерлермен, веб-камералармен және қосалқы құралдармен жабдықталған) ұсынылатын болады.

 Олар - Алмалы ауданының №1 фронт-офисі (Сүйінбай даңғылы 2, 4 корпус) және Алатау ауданының №2 фронт-офисі. (Әйгерім ш/а., В. Бенберин көшесі, 89).

  • Бөлімдер қажетті оргтехникалармен, дербес компьютерлермен, вэб-камералармен, сип-телефондармен және жұмысты ұйымдастыру үшін қажетті құрал-саймандармен жабдықталды.
  • Бөлімдерде жиналуды және тазалық-эпидемиологиялық режимді сақтау мақсатында қызмет алушылар арасындағы қашықтықты сақтау үшін ғимарат кіреберісіне таңбалар сызып қойылды.
  • ХҚО-дан тыс жерлерде өзіне өзі қызмет көрсету секторларлары ұйымдастырылуда. Олар әкімдіктер жанындағы кеңселерде, оқу орындарында, екінші деңгейдегі банктерде, Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, "Нұр Отан" партиясы кеңселерінде, 8 сауда орталықтарында, автосалондарда, медициналық ұйымдарда, және "Car city", "Нұр-Сәт"  сияқты базарларда.
  • ХҚО-ларда жеңілдік терезелері жұмыс істейді. Онда азаматтардың үш санаты электронды қызмет ала алады. Бұл-зейнеткерлер, көп балалы отбасылар,мүмкіндігі шектеулі адамдар. Олар  да ХҚО-ға келмес бұрын кезегін алдын ала брондау қажет, алайда олар жеке кезек бойынша өтеді.
  • Ал электронды форматта қол жетімді емес "қағаз" қызметтердің клиенттері үшін (мысалы, жеке куәлікті, паспортты ауыстыру, зейнетақы төлемдерін тағайындау), сондай-ақ  egov.kz порталында алдын ала ресімделген қызметтердің нәтижелерін алу үшін, қаладағы барлық ХҚО-ларға және барлық Мамандандырылған автоХҚО-ларға, міндетті түрде алдын-ала онлайн бронь жасап, кезекті белгілеген уақытқа келу керек.

 Қала тұрғындарына айтарымыз, мемлекеттік қызметтерді электрондық форматта алыңыздар Порталда ресімдеуге болатын барлық қызметті онлайн тәсілмен рәсімдеңіз. Егер қиындық туып жатса, 1414 нөміріне телефон шалыңыздар, біздің  ХҚО операторлары кеңес беріп көмектеседі. Сонымен қатар, азаматтар броньда белгіленген уақытта келуі тиіс. Егер белгіленген уақыты өтіп кеткен болса, қайтадан бронь жасауына тура келеді. Сонымен қатар, бронды ЖСН-ы ресімделген азамат ғана пайдалана алатынын ескергендері жөн. ХҚО-да қызмет алдын ала брондаусыз көрсетілмейтінін тағы да атап өткім келеді. Бұл азаматтардың ХҚО-да көптеп жиналуын болдырмайды және вирусты жұқтыру қаупін жояды, қызмет алушылар да өз уақытын үнемдейді - дейді "Азаматтарға арналған үкімет" МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаев.

Өзгелердің жаңалығы