Енді Қазақстаннан актив шығарғандар мен олардың туыстары назарда болады – Антикор басшысы

9 Желтоқсан 2021, 11:50
1310
Бөлісу:
Енді Қазақстаннан актив шығарғандар мен олардың туыстары назарда болады – Антикор басшысы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Марат Ахметжанов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

«2022-2024 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұжырымдама» қойған қол үшін жауапты болады. Адам қаржы құжаттарға қойған қолы үшін жауап беруі керек. Яғни, адам қаржы туралы қойған қолы үшін жауапкершілік алуы керек. Бізде бүгін ұжымдық жауапкершілік деген дамыған. Осыған дейін де бірқатар жұмыс жасалды. Антикор жай отыр деп айтуға болмайды. Ауыр жемқорлық жасағандар рақымшылыққа ілінбейді. Осы сынды бастамалар жемқорлықтың шегін азайтады, - деді Марат Ахметжанов.

Ол атағандай, ең алдымен ашықтықты тұрақтандырып, жемқорлық схемаларын бұзу керек.

Бүгін біз шетелдік әріптестерімізбен бірлесіп сыртқа шыққан активтер туралы келісімге қол қойдық. Қазақстаннан сыртқа актив шығарылса, ол туралы мәліметке ие болып отырамыз. Өз атына емес, туыстарына тіркеген кезде де оларды тексеру жүзеге асырылады. Олардан мұндай байлық қайдан келгенін міндетті түрде сұраймыз. Осындай кешенді бастамалар жемқорлықты оңтайландырады. Жемқорлық өмірдің қалыпты үрдісіне айналмауы керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы