Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грантқа түсу үшін енді түлектер екі рет ҰБТ тапсыра алатынын жазды. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов 2022 жылы мектепті бітіретін түлектерге жазған хатында айтты.
Министр биыл түлектерге ҰБТ ұпайлары ғана емес, сонымен қатар әр пән бойынша нәтижелердің тақырыптық талдауы берілетінін хабарлады.
Жақсы жаңалық та бар. Инстаграмда мені белгілеп, грантқа түсу үшін бір емес, екі рет ҰБТ тапсыру туралы өтініш жазып жүргендеріңізді білемін. Шешім қабылдау кезінде біз оқушылардың ұсынысын, қызығушылығын назардан шығармауға тырысамыз. Сол себепті осы жолы да сіздердің ұсыныстарыңыз бойынша шешім қабылдадық. Яғни енді сіздер екі рет ҰБТ тапсырып, грантқа түсуге мүмкіндік аласыздар. Бұл шара эмоционалды стресс деңгейін төмендететініне сеніміміз мол, - деп жазды министр оқушыларға арнап жазған хатында.
Еске сала кетейік, жыл сайын түлектер үшін ҰБТ 4 рет өткіледі. Ал грантқа түсу үшін шешуші ҰБТ жаз айында өтеді.