"Ертіс орманы" резерватына ерекше қорғалатын табиғи аумақ мәртебесі берілді, енді оған бару ақылы болады, деп хабарлайды BAQ.KZ pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.
Мемлекеттік табиғи орман резерватының ақпараты бойынша, орманға келушіде ерекше қорғалатын табиғи аумақты пайдаланғаны үшін ақы төлегенін растайтын құжаттың болуы қажет. Ол табиғи резерват аумағына баруға мүмкіндік береді.
Ерекше қорғалатын табиғи аумаққа кіру құны биыл 345 теңге болады. Ол ҚР Салық кодексінің 589 және 592-баптары негізінде өткізу құны әрбір жеке және заңды тұлғадан ЕҚТА пайдаланғаны үшін 0,1 АЕК мөлшерінде салық аударымы болып табылады.
"Жеке тұлғалар өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтауға, ағаштар мен бұталардың бұзылуына және кесілуіне, орман дақылдарының зақымдануына, бұлақ көздерінің бітелуіне жол бермеуге, жабайы өсетін азық-түлік орман ресурстарын, дәрілік шикізатты өсуіне зиян келтірмейтін тәсілдермен белгілі мерзімдерде жинауға міндетті. Орман заңнамасын бұзғаны үшін әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын еске саламыз", - делінген хабарламада.
Рұқсат құжаттарынсыз ЕҚТА жерлеріне баруған тұлғаларды 5 АЕК көлеміндегі айыппұл күтеді. Ал ЕҚТА-ға жасалған 367-баптың 3-бөлігіне сәйкес ҚР ормандарындағы өрт қауіпсіздігі мен санитарлық ережелердің талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғалар 100 АЕК мөлшерінде айыппұл арқалайды.