Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихаты барысында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрағасы Сүйеніш Әбділдин мәлімдеді.
Оның айтуынша, азаматтардан құжаттағы фотосуреттердің нашарлығына шағым көп түсетін болған.
«Азаматтарға арналған үкімет» ІІМ бірге ХҚКО-да өздігінен қызмет көрсету терминалдарын енгізу бойынша жобаны әзірлеп шығарды. Оларды биометриялық жүйе және интерфейспен жабдықтайды, - деп атап өтті Сүйеніш Әбділдин.
Белгілі болғандай, былтыр 2,4 млн қазақстандық жаңа құжат пен жеке куәлік алған.
Бұдан былай клиенттер өздігінен келіп фотосуретке түсіп, фотосының жақсы нұсқасын таңдап, миграция қызметкерлеріне өтініш жібере алады. Қазіргі уақытта бірлескен бұйрыққа қол қою мәселесі шешіледі. Жақын арада Нұр-Сұлтан қаласы бойынша аталған терминалдарды іске қосамыз, - деді басқарма төрағасы.
Белгілі болғандай, 2021 жылдың сәуірінде 1414 Бірыңғай байланыс орталығы мемлекеттік корпорацияның қарамағына өтті.
Осы уақыт ішінде операторлардың қоңырау қабылдау пайызы артып, қосылу уақыты 16 секундқа дейін қысқарды. Жұмыс сапасын бағалау көрсеткіші 4,81-ге жетті. 2022 жылдың бірінші тоқсанында қазақстандықтар ББО-ға 4 млн рет жүгінген, - деді басқарма төрағасы.